2023 жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі

1 Қараша 2022, 12:12 3952

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды El.kz

«Қазіргі кезде «Педагог мәртебесі туралы» Заңының оң әсерін көріп отырмыз. Президенттің қолдауының арқасында педагогтердің жалақысы ұлғайтылды және 2023 жылғы қаңтардан бастап тағы 25 пайызға өседі. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін сетификаттау енгізілді», - деді Аcхат Аймағамбетов.

EL.KZ
Бөлісу: