2023 жылы көшбасшы позициясындағы әйелдер саны 20%-ға дейін артады

21 Желтоқсан 2022, 16:33 1477

Бұл туралы Ұлттық комиссия отырысында мәлім болды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мемлекет қатысатын компанияларда басшылық лауазымдарда әйелдердің 30% өкілдігі бойынша жұмыс жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Осы жұмыстың қорытындысы бойынша: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Корпоративтік басқару Кодексіне, сондай-ақ «Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне» өзгерістер енгізілді. 

Бұл жұмыс квазимемлекеттік және корпоративтік секторларда гендерлік квоталарды енгізу процесін кемінде 30% деңгейінде іске асыруға және квазимемлекеттік сектордың негізгі сегменттерін қамтуға мүмкіндік береді.

2023 жылы көшбасшылық позициялардағы әйелдер саны 20%-ға дейін, 2030 жылға қарай – 30%-ға дейін өсуі тиіс. 

EL.KZ
Бөлісу: