2023 жылғы «Алматы аруы» анықталды

13 Қыркүйек 2023, 09:06 1301

Алматыда сұлулық байқауының финалы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Алматы аруы» атағы 20 жастағы Наталья Петриге бұйырды. Аруға тәжді былтырғы байқаудың жеңімпазы Томирис Заир тақты.

Наталья Петри Абай атындағы ҚазҰПУ-де «ғылыми физика» мамандығы бойынша 4-курста оқиды.

Бала күнінен халық билерімен шұғылданады. Бос уақытында кітап оқығанды ұнатады. Сән агенттігінде жұмыс істейді, - делінген байқаудың Instagram-дағы ресми парақшасында.

Бұл жобаға өзін жаңа қырынан байқап көру үшін қатысқан.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: