2023 жылдан бастап ең төменгі жалақы көбейеді

1 Желтоқсан 2022, 19:15 5598

Заң аясында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар көрсеткіш өзгереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Заң аясында 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар көрсеткіш өзгереді.
 
Олар:
 
ең төменгі жалақы – 70 000 теңге;
 
ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы – 24 341 теңге;
 
ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
 
айлық есептік көрсеткіш – 3 450 теңге;
 
ең төменгі күнкөріс деңгейі – 40 567 теңге.
Айта кетері, бұған дейін сенат осы заңға бірқатар өзгеріс енгізіп, мәжіліске қайтарған болатын. 
EL.KZ
Бөлісу: