2023 жыл тарихта ең ыстық жыл болуы мүмкін

21 Маусым 2023, 20:36 1387

2023 жыл метеобақылау тарихында Жердегі ең ыстық жыл болуы мүмкін. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым осындай болжам жасап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу авторлары биылғы жыл тек Еуропа үшін емес, бүкіл ғаламшар үшін ең ыстық болуы мүмкін деп болжады. Олар қазіргі уақытта Германияда алғашқы жылу толқыны күтілетінін атап өтті.

Метеорологтардың болжамына сәйкес, осы аптада Еуропадағы ең ірі газ тұтынушысы саналатын елде температура 32 градустан жоғары көтерілуі мүмкін.

Сонымен қатар, 2023 жылдың ерекше ыстық болуына Тынық мұхитының бір бөлігінің жылынуынан туындаған Эль-Ниньо табиғи құбылысы да әсер етуі мүмкін.

Перизат Саденова
Бөлісу: