2023 жылы көлік медицинасын енгізу жұмыстары жалғасады, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Шалғай ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін жылжымалы медициналық кешендер кеңінен қолданылады, бұл 1,5 млн ауыл тұрғынын қамтуға мүмкіндік береді;
- Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар іске асырыла бастайды;
- Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі іске қосылады; - орташа жалақы артты: дәрігерлерге – 30%-ға 531 мың теңгеге дейін, орта медицина қызметкерлеріне – 20%-ға 250 мың теңгеге дейін;
- Резидентурадағы гранттар саны 70%-ға ұлғайтылатын болады;
- Ғылыми-зерттеу компоненті бар екі көпбейінді клиниканың – Астанадағы 200 орындық Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының және Алматыдағы 350 орындық Жұқпалы аурулар ұлттық ғылыми орталығының құрылысын аяқтау.