2022 жылы қаңтар-сәуір айларында 127 мың сәби дүниеге келген

14 Маусым 2022, 11:20 2012

Туу көрсеткіштері кеміп келеді деп хабарлайды El.kz сайты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2022 жылғы қаңтар-сәуірде 127 мың сәби туылғаны анықталды. Бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірге (137,4 мың адам) қарағанда 7,6% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 20,08 туылғандарды құрады. 2022 жылғы қаңтар-сәуір аралығында елімізде 1 жасқа дейін шетінеген 1 113 нәресте тіркелді. Былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда (1109 шетінеген нәресте) көрсеткіш 0,4% артқан. Нәресте өлім-жітімінің коэффициенті 1000 туғанға шаққанда 8,76 оқиғаны құрады.

 

 


Бөлісу: