2022 жылғы Азия ойындарын өткізудің жаңа мерзімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz.
Бұл жөнінде Азияның Олимпиадалық кеңесі ресми мәлімдеді.
Енді Азиада 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында өтеді. Аталған турнирдің өткізу мерзімі негізінде 2022 жылдың 10-25 қыркүйек аралығына белгіленген еді. Азяи ойындары Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетіні жоспарланған болатын. Әлемдегі коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ол кейінге шегерілді. Өз тарихында 29 мәрте жалауын көтеретін Азия ойындарында 40 спорт түрінен жүлделер сарапқа салынады. Оған әзірге 45 мемлекет қатысады деп жоспарланып отыр. Қазірге дейін қазақстандық спортшылар аталған жарыста 1000 медальға қол жеткізді. Олардың 140-ы алтын, 600-і күміс, 260-ы қола.