19.05.2023
08:23
1838
2022 жылы Қазақстан музейлеріне қанша адам барған

2022 жылы Қазақстан музейлеріне қанша адам барған

Қазақстан музейлеріне 2022 жылы көрермендер 6,1 млн рет барған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанның мұражайларына көрермен 6 097 мың рет барса, 2021 жылы 5 104 мың рет болған.

Мұражайларға барушылардың басым бөлігі Түркістан облысында – 1 492 мың келуші, одан кейін Астанада – 643 мың келуші және Шығыс Қазақстан облысында – 564 мың, барушылардың саны Шымкент қаласының музейлерінде ең аз – 43 мың, - делінген мәліметте.

Сарапшылар мұны Шымкентте мұражайлардың санының аздығымен түсіндіреді, себебі шаһарда небәрі 5 музей бар.

Жалпы 2023 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда барлығы 271 мұражай жұмыс істесе, бір жыл бұрын олардың саны 7 бірлікке кем болған. Мұражайлар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 27 мұражай, Ақтөбе облысында 20 мұражай және Алматы қаласы мен Батыс Қазақстан облысының әрқайсында 19 мұражайдан.

271 мұражайдың 48-і – тарихи, 109-ы – өлкетану, 65-і – мемориалдық, тағы 14-і – қорық мұражай, 11-і – өнертану және т.б. Айта кету керек, 4 мұражай жекеменшік, қалғаны – мемлекет меншігінде, - дейді бюродағылар.

Қазақстандағы мұражайларда барлығы 2,6 миллион экспонат сақтаулы.