(21.03 – 20.04)
Жұлдызнаманың басында тоқты тұрғандықтан, осы айда дүниеге келген жандар көшбасшылық қасиеттерімен ерекшеленеді. Олар еш кедергілерге мойымай, алдына қойған мақсатқа жетуге ұмтылады. Бұл қасиет әркімге де керек-ақ, дегенмен өз арман-мақсаттарын басқара алмайтындарға зиянын тигізеді.
Бұл жыл тоқтылар үшін «үйрену жылы» болмақ. Астрологтар өз-өзіңізді дамытып, жаңа технологиялар мен шет тілдерін үйренуге күш салғаныңыз жөн дейді. Сондай-ақ, «қазір және осы жерде» деген секундтық еркелігіңізді ұмытуға кеңес береді. Себебі, тез қабылданған шешім сіздің болашағыңызға кері әсер етуі мүмкін. Кез келген іске бармас бұрын, мың ойланып, жүз толғанғаныңыз абзал.
Денсаулық
Қызуқанды тоқтылар барынша өз денсаулығын күтуі керек. Артық күш салып жұмыс жасауға, болмашы нәрселерге ашулануға болмайды. Сонымен қатар, суық тиюден сақтанып, қалқанша безіне мән беріңіз. Табиғатқа жиі серуендеп, ерінбей, көп қимылдаңыз.
Отбасы мен махаббат
2018 жылы қарым-қатынаста тоқтылар «орын беріп» үйренуі керек. Бұл барлығын кешіру дегенді білдірмейді, бірақ, өз бақытыңыз үшін кей кемшіліктерге көз жұма қарауыңызға тура келеді. Ал басы бос тоқтылар үшін бұл отау құруға сәтті жыл. Таныстықтардан қашпаңыз.
Мансап және қаражат
Тоқтылар бұл жылды барынша зейінді болғаны дұрыс. Бір тоқтамға келмес бұрын, әбден ойланыңыз. Сонда жұмыста туындайтын көптеген кедергілердің алдына аласыз. Ал жұмыс ауыстыру мәселесіне келер болсақ, жылдам шешім шығарудан аулақ болыңыз. Биыл қызмет ауыстыру үшін сәтті жыл емес. 2018 жылдың басында қосымша табыс көзі шығуы мүмкін. Бұл жыл сіз үшін ойлаған нәрселеріңізге қол жеткізетін жыл болмақ.
(21.04 – 20.05)
Торпақтар ерік-жігері мықты, аса сабырлы, шыдамды жандар. Сондай-ақ, олар адал дос, сенімді серік. Сондықтан басқалардан да сондай беріктікті күтеді. Жалғандықты қабылдай алмайды, бірден біліп қояды. Егер біреудің арамдығын байқаса, өмірінен ол адамды мәңгіге сызып тастауы мүмкін. Бұл жыл торпақтар үшін бір қалыпты өтеді. Бұл әрине, қызықсыз болады деген сөз емес. Ақпан айында маңызды шешім шығаратын сәт келеді. Сіздің ойлануға уақытыңыз аз болғандықтан, тезірек «иә» немесе «жоқ» деген жауабыңызды беріңіз. Күзге қарай күйзелістер басталуы мүмкін, бұл қиын жағдайда сізге жақын адамдарыңыз қолдау көрсетеді.
Денсаулық
Бұл жыл «зиянды әдеттер жойылсын!» деген ұранмен өткізетін уақыт. Алкогольді шектегеніңіз немесе мүлдем тыйғаныңыз жөн. Сонымен қатар торпақтар 2018 жылы несеп-жыныс жолдарына аса мән бергені абзал.
Отбасы және махаббат
Өмірлігін іздеген торпақтар үшін сәтті жыл болмақ. Ойыңызда сүйіктіңіздің психологиялық портретін салып алыңыз. Ол сізге нақты кім керегін анықтап беретін болады. Тоқтылар үшін әріптесімен көңіл жарастыруға болмайды. Соңы сәтсіздікке апарады. Ал отбасылы торпақтар, жазға таяу серігінің көзіне шөп салғаны туралы мәлімет алуы мүмкін. Бірақ, өзге біреудің сөзіне еріп, отбасыңыздың шырқын бұзбаңыз. Сіз сияқты жолы болғыштарға қызығып, іші күйетіндер көп.
Мансап және қаражат
2018 жыл алға қарай адымдайтын жыл. Егер лауазымыңыздың өскенін қаласаңыз, қорықпай ұмтылыңыз. Сондай-ақ, басшыңызға жалақыңыздың өскенін қалайтын ойыңызды да жүрексінбей айта беріңіз. Банктен депозит ашуға да сәтті жыл.
(21.05 – 21.06)
Ит жылында туған егіздер тек қана алға, себебі бұл сіздің жылыңыз болмақ! Ал Тышқан, Қоян, Жылан жылы дүние келген егіздер еңбектенуі қажет. Еңбек бәрін де жеңбек. Ұлу, Өгіз, Мешін жылы туғандар үшін бұл жыл бірқалыпты өтпек. Ал Доңыз бен Барыс жылғы егіздерді түбегейлі өзгерістер күтіп тұр. Бұл жылы отбасыңыз бен туған-туыстарыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Шындықты іздеймін деп, басыңыз даудан арылмай, көп нәрсені ұмыт қалдыруыңыз мүмкін. Барлығын өткен уақыттың еншісіне қалдырып, жаңа өмір бастаңыз. Сол сияқты алдыңызға нақты жоспарлар қойыңыз. Қол жетпейтін арман-қиялдарыңызды шетке ысырып, жерге түсіңіз. Егер өзгеруге дайын болсаңыз, 2018 жыл сіз үшін табысты болмақ.
Денсаулық
Астрологтар жүрек-қантамыр жүйесіне аса мән беруіңізге кеңес береді. Сіздің бас ауруыңыз өздігінен жазыла салмайды, ол қан қысымыңызға тікелей байланысты.
Махаббат және отбасы
Ғашығыңызды күтпеңіз, ұсыныс сіз жақтан болуы керек. Ал отбасылы жандар жақын адамыңызға ашылып, шын сезіміңізді білдіретін уақыт таяды. Олар шын ықыласыңыз бен махаббатыңызға зәру.
Мансап және қаражат
Шатақ мінезіңізден өз әріптестеріңіздің сізге деген құрметін байқамай жүрсіз. Олар сіздің кәсіби біліктілігіңізді жақсы біледі. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды дұрыс жолға қойсаңыз, болашақта мүдделес, пікірлес болып шығасыздар. Сондай-ақ, астрологтар бұл жыл кәсіп бастаймын деген егіздер үшін табысты болатынын айтады.
(22.06 – 22.07)
Шаян жұлдызымен туған жандар мақсатқа жетуге деген ынтаса пен көрегендігімен ерекшеленді. Сондай-ақ, олар өте сақ жандар. Осы сақтығының кесірінен жоспарлаған көп нәрсесіне қол жеткізе алмай қалуы мүмкін. Бұл жыл Шаяндар үшін оңай болмайды. Тек өзіңіздің күшіңізге сенгеніңіз дұрыс. Жақын адамдарыңыз бен айналаңыздан ешқандай көмек күтпеңіз. Тек өзіңіз барлық мәселені шешуші. Күзде тұрғылықты жеріңіз бен жұмысыңызға байланысты келеңсіздіктер болуы мүмкін. Бірақ ол өз-өзімен шешіледі. Сіз тек сабырлы болыңыз! Қараша айының соңы бұрын жіберген қателіктеріңіздің кесірінен қиындау соғады, бірақ желтоқсан айының ортасына дейін ол да өз шешімін табады.
Денсаулық
Өткен жылы дұрыс демала алмағандықтан жыл басы қиындау соғуы мүмкін. Жұмыстан 3-4 күнге демалыс алып, қалағаныңызша өткізіңіз. Ал жазғы уақытта ас қорыту жүйесі сыр беруі мүмкін. Сондықтан, дұрыс тамақтануды жолға қойыңыз.
Махаббат пен отбасы
Жалғызбасты шаяндар үшін шаңырақ көтеруге сәтті жыл. Кемшіліктеріңізді санамалап, өз-өзіңізді төмен санауыңызды доғарыңыз. Отбасылы болсаңыз, жарыңызбен фитнеске барып немесе тағы сол сияқты жаңа нәрсе бастаңыз. Егер араларыңызда кикілжің болса, жаздың соңында ажырасуыңыз мүмкін. Солай бола қалғанның өзінде моймау керек. Алмақтың да салмағы бар, бір сәтсіздіктерді сәттіліктер басады.
Мансап және қаражат
Мансабыңыздың алға өрлеуі сіздің әріптестеріңізбен жылы қарым-қатынасыңызға тікелей байланысты. Күз мезгілінде жұмысыңызға байланысты көптеген сыни пікір естисіз, бірақ сабырлы қалпыңызды жоғалтпаңыз, азын-аулақ айыппұл да салынуы мүмкін. Ол үлкен көлемді шығынның алдын алады. Табысыңыз тұрақты болады, дәрежеңіз өссе де, жоғары жалақыны күтпеңіз.
(23.07 – 23.08)
Ит жылы тыныштықпен сабақтастырылады. Ол өте байсалды болғандықтан жыл да тыныш өтеді деген болжам бар. Ең бастысы ол – әділ. Сол себепті, осы жылы әрбір басталған іс әділетті әрі шыншыл болады деген үміт бар. Арыстандар осы жылы не қаласа, сол қалауына жете алады. Әсіресе бала сүю бақытына кенелуі әбден мүмкін. Ал, отбасылы жұптар бір-біріне қайта тұтанған сезімі мен ыстық махаббатымен қуантуы мүмкін.
Ит сараңдықты ұнатпайды, алайда қаржыны орынсыз жұмсауға тағы жол бермейді. Сонымен қатар ит өте еңбекқор екенін естен шығармаған абзал, сол себепті еңбек сүйгіш жандарға ерекше дем беріп, қолдау көрсетеді.
Арыстан белгісіндегі нәзік жандылардың көпшілігінде қызметте өсу мүмкіндігі бар.
Арыстан белгісінде өмірге келген арулар 2018 жылы өздерін барынша әділетті, шыншыл әрі бірбеткей болғаны дұрыс. Бұл қасиеттер әсіресе мансапта бағаланады. Арыстандарға көктемде мінсіз бизнес ұсыныстар түсуі мүмкін, ондай керемет мүмкіндікті қабылдау не қабылдамау өздерінің патша көңілдері шешеді.
Арыстан белгісінде туған ер адамдар үшін 2018 жылы тек шынайы достармен ғана қарым-қатныас құруға кеңес беріледі. Себебі тек сізге «керек» адамдар ғана сіздің өрге жүруіңізге септігін тигізеді.
Мансап және қаражат
Қызық болғанда осы жылы арыстандар үшін билікке талпынудың қажеті шамалы. Себебі, қаржылық тұрақтылық пен еркіндік сан есе пайдалы болмақ.
Ал, жаз маусымы арыстан-кәсіпкерлер үшін өте тиімді мезгіл. Оларды карьералық биіктің ең шегіне көтерілу мүмкіндігі күтіп тұр. Тың идеялар мен өндірістік жоспарларды жүзеге асыру – өте тиімді шешім.
Денсаулық
Уақтылы тамақтану мен дұрыс тынығу, таза ауа, пайдалы саяхат болса 2018 жылы денсаулықпен ешбір қиындық туындамайды.
Отбасы және махаббат
Арыстандар бойындағы кейбір жақсы қасиеттерінің арқасында бұрын-соңды бас қатырмаған қадамға барып, жылдың басында белсенді түрде өмірлік серік іздеуге кіріседі. Арыстандар махаббат хикаясын бастан кешіру үшін өзіне тұрарлық мықты қарсылас табуы керек.
(24.08-23.09)
Бикештер қиялға беріліп, 2018 жылы бәрі керемет болады деп сенсе қателескені. Десе де бәрі соншалықты жаман емес, белгілі бір деңгейде жетістіктер күтуде. 2018 жылы бикештерде шытырман махаббат оқиғасы мен тұрақты қаржылай табысқа кенелу мүмкіндігі мол. Көктемде кәсіби тұрғыда жетілу мен айтарлықтай табыстар болады. Дей тұрғанмен отбасын да ұмытпай, екеуін де қатар алып жүрген абзал.
Жаз маусымы нағыз демалысқа қолайлы мезгіл. Саяхаттауды жоспарласаңыз тамыз айына жоспарлаған тиімді.
Мансап және қаражат
2018 жыл бикештер үшін айтарлықтай қаржылай табысты жыл деуге келмес. Дегенмен де осы жылы ақшаны үнемдеп жұмсауды үйренген артық етпейді.
Денсаулық
Денсаулыққа байланысты айтарлықтай ескерту жоқ. Десе де бұл денсаулыққа мүлде мән бермеңіз деген сөз емес. Әсіресе жүйкеңізді күтіңіз, эмоционалды көңіл-күйіңізді бақылауда ұстасаңыз бәрі дұрыс болады.
Отбасы және махаббат
Жақындарыңыздың айналасында сіз сүйіктісіз, сіз де олардан жылы сөздеріңізді аямаңыз. Сезіміңізді білдіруден ұялмаңыз, бұл – туған-туысқандарыңызға өте керек.
(24.09-23.10)
Егер сіз өміріңізді түбегейлі өзгертуге бел бусаңыз, жылдың басы өте қолайлы мезгіл. Жылдың басында жұмыс ауыстыру немесе қызмет саласын ауыстыру өте тиімді жағына шешілуі мүмкін.
Ал, шығармашылыққа жақын жандар үшін көктем мезгілі жаңа күш пен тың серпіннің уақыты. Осы мезгілде оқ бойы озық көрініп, бірегей шығармашылық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі зор. Маусым айында қаржылай табысқа қатысты жоспарларыңызды жүзеге асыру қолайлы. Өз кәсібіңізді ашыуды немесе бизнесіңізді кеңейтуді жоспарласаңыз нағыз тиімді шешім.
Денсаулық
2018 жыл таразылар үшін денсаулығын күтетін жыл. Созылмалы аурулар қайта қозу қаупі бар. Көктемде денсаулыққа ден қойып, қатты күтінген абзал. Организм берген белгіні дер кезінде ескеріп, кез-келген аурудың бастапқы этапында емдеуге тырысыңыз.
Жұлдыздар психологиялық денсаулыққа мән беруге кеңес береді. Аутотренинг әдісін меңгеріп алыңыз, түрлі негативті эмоциялардан арылуға көмектеседі. Қандай да бір конфликт мен ескі реніштер мазалайтын болса, психолог маманның көмегіне жүгініп, мәңгілікке тазарыңыз.
Отбасы және махаббат
2018 жылы таразылардың жеке өмірі махаббат пен өзара түсіністікке бай болады. Егер азын-аулақ кикілжің болса, ретімен оңтайлы шешімін табады.
Егер сіз осы күнге дейін өз жартыңызды кездестірмеген болсаңыз, сәуір айының аяғы мен мамыр айының басы сіз үшін нағыз қолайлы мезгіл. Осы маусымда өз махаббатыңызды кездестірі мүмкіндігі жоғары.
Мансап және қаражат
Таразылар үшін 2018 жылдың алғашқы жарты жылдығы мол табысқа кенелетін мезгіл. Дәл осы мезгілде көптеген жаңа келісімшарттар мен ұтымды келісімдер, ұсыныстарды тиімді пайдаланған жөн.
Ал, жылдың екінші жарты жылдығында таныстарыңызға қомақты қаржыны қарызға беруден аулақ болыңыз. Бұл әрекет сізді шығынға батыруы әбден мүмкін.
(24.10 – 22.11)
Астрологтар 2018 жыл сарышаяндар үшін нағыз сәттілікке толы жыл болады деп болжайды. Бұл жылы сарышаяндарды не күтеді:
Мансап және қаражат
Астрологтар сарышаяндарға сабырлылық танытса ғана осы жылы мансапқа кенелететінін болжайды. Бірбеткейлік бен қайтпас қайсарлық мінез керісінше табысқа кенелуге кедергі келтіруі мүмкін. Сол себепті неғұрлым сабырлы болған дұрыс.
Жаз маусымы өзіңізді жан-жақты көрсететін мезгіл. Осы мүмкіндікті жіберіп алмай, бойыңыздағы барлық жақсы қасиеттерді көрсетуге талпынсаңыз, мансабыңыздың сатылап өсуі бек мүмкін.
2018 жылдың аяғында көпшілік саршаяндар өз кәсібін ашуды жоспарлайды. Бұл идеяны кейінге ысырудың қажеті жоқ, қайта тиімді пайдалануға тырысыңыз. Бұған қоса жетістікке жету үшін жақындарыңыз бен достарыңыздың қолдауы керек екенін естен шығармаңыз. Олардың бетін қайтармай, көмек қолын созса қабылдауға қарсы болмаңыз. Сарышаяндар тек жақындарының қолдауымен ғана табысты іс бастап, жақсы жетістікке кенеле алады.
Денсаулық
Қауырт жұмыс пен мазасыздық денсаулығыңызға айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін, десе де қорықпаңыз, жұлдыздар осы жылы сарышаяндар үшін денсаулығына алаңдаудың қажеті шамалы екенін болжайды.
Ас қорыту және асқазан-ішек жолдарына көп көңіл бөлген абзал. Ешқашан кейінге қалдырмаңыз, уақтылы дәрігерге қаралып, кез-келген дерттің алдын-алуға тырысыңыз.
Отбасы және махаббат
Сарышаяндар махаббатқа берік, сезімге тұрақты болса да, өмірлік серігін іздеуге келгенде өте талғампаз жандар. Сол себепті де неке мәселесі қиынға түседі. Осы белгідегі бойдақтарды жаңа таныстықтар күтуде, алайда бұл неке қиюға апара қояры күмәнді.
Ал, отбасылы жандарды астрологтар сабырлы болуға шақырады. Қандай жағдай болса да отбасын сақтап қалуға кеңес береді. Сарышаяндар табиғатынан сүюге жаралған жандар.
(23.11 - 21.12)
2018 жыл өткен жылдың бітпей қалған тірліктерін аяқтап, өмірді ретке келтіруге кетеді. Биылғы жылы айтарлықтай өзгерістер болмайды, бірақ тұрақтылық болады. Бұл мансап пен қаражатқа қатысты. Сізге биыл оптимизм мен жақындардың қолдауы өте қажет. Себебі жұрттың қызғанышы, артық өсек-аяң біраз кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ жыл соңына дейін бәріне төзсеңіз, дұшпандардың өзі сізді құрмет тұтынуы әбден мүмкін. Биылғы ит жылы сіздің қорғаныңыз да, тұмарыңыз да отбасыңыз, туыс-туғандарыңыз екенін жиі еске салып тұрады.
Мансап және қаражат
Егер жылдың бірінші жартысында тер төгіп, адал еңбек етсеңіз, күзге қарай қомақты қаражаттың қойылатынына сенімді болыңыз. Өз күшіңізге, әлеуетіңізге сеніңіз. Биыл жұртқа қарыз бермеуге тырысыңыз. Басы артық қаражаыңызды өзіңіз көптен ойлап жүрген іске салыңыз. Өз ісіңізді ашу үшін ең оңтайлы жыл. Бірақ жұмсақтығыңызды доғарыңыз.
Денсаулық
Астрологтардың айтуынша биылғы жылы денсаулығыңыз алаңдатпайды. Алайда бұл күтінбеу керек деген сөз емес. Демалыс пен жұмысты кезекпен алмастырып отырсаңыз, депрессияның ауылы аулақ болады. Бірақ ұйқысыздықтың алғашқы белгілерін байқасаңыз, бірден мәселені шешуге тырысыңыз. Себебі биылғы жылдың қатері осы ұйқысыздыққа байланысты.
Отбасы және махаббат
Отбасын құрған мергендерде бәрі тамаша. Тек отбасыңызға өзгелердің пікірі мен өсек-аяңын жолатпаңыз. Шаңырағыңыздың беріктігі өзгелердің ішін күйдіріп, қызғанышын тудыруы мүмкін. Ал басы бос мергендердің сәуір айында жұпты болу мүмкіндігі көбірек. Бұл айда танысқан жандар өміріңізде елеулі орын алады. Биыл алшаң басып, сенімді жүруіңізге болады. Себебі бұл жылдың сізге берер сыбағасы мол.
(22.12 - 20.01)
Биыл Сары Иттің мейірі басқаларға қарағанда Тауешкіге көбірек түседі. Мұны жылдың ьбастапқы күндерінен-ақ байқайсыз. Тауешкілер практик әрі консерваторлар, олар үнемі табыс әкелетін істі іздеп жүреді. Олар қаржылық тұрақтылық пен тәуелсіздікті бірінші орынға қояды. Ал 2018 жыл олар үшін аңсаған арманы орындалатын жыл.
Өзінің еңбекқорлығына байланысты Тауешкілер жақын-туғанарын екінші орынға ысырып қояды. Сондықтан тауешкілердің жақындарына жыл бойы назар жетіспеуі мүмкін.
Мансап
Алдыңғы бірнеше жыл сізді үнемділік пен еңбекқорлыққа әйренткен болуы тиіс. Енді жинақталған тәжірибе мен өмірдің сабақтары сізді мансаппен өрмелеуге әбден пісіріп-жетілдірді деуге болады. Биыл мансабыңыздағы ең қарқынды секіріс болуы тиіс. Сондықтан да туған-туыс, дос-жарандарыңызға түсіністікпен қарауын өтініңіз. Сіздің басты майданыңыз – жұмыс. Ал күзде бірнеше жыл армандаған дүниені сатып алуығызға мүмкіндік туындайды.
Денсаулық
Денсаулығыңызға еш қатер жоқ. Тіпті қарамайым тымаудың тиюі екіталай. Бірақ сақтанғанды құдай сақтайды. Сондықтан қарапайым ғана иммунитетті күшейтетін витаминдерді қабылдау ұсынылады. Тауешкілерге ара тұра демалу және тағам рационына көңіл бөлу ұсынылады.
Отбасы және махаббат
Тауешкілердің тартымдылығы арта түседі. Өз болашақ жарыңызға деген талаптарды таразыға салып, шынайы өмірге жақындатыңыз. Қызғаныш пен менмендікті азайтсаңыз, бақытты одақ құру мүмкіндігі молаяды. Тауешкілердің отбасы биыл тым идеал көрінуі мүмкін. Алайда мұның қандай жолмен келгені тек олардың өздеріне аян.
(21.01 - 18.02)
Алдағы жылға жоспар құрмас бұрын, былтырғы жылыңызды қорытып көріңіз. Былтырғы жылдың қателіктерін ескерсеңіз ғана биылғы жылдан табыс күте аласыз. Былтыр көп күш жұмсамай, жетістіктерге жеттіңіз. Бұл жылы сізге біраз тер төгуге тура келеді. Дегенен жыл баянды, тыныш әрі берекелі болады. Қыс мезгілінде аса маңызды өзгерістер болмайды, сізді комфорт аймағыңыздан итеріп шығаратын жағдайлар болмайды. Ал көктемге қарай күш-қуатыныңызды барынша жұмсауыңыз қажет. Астрологтар сізге ешқандай афереларға жоламауға, күмәнді ымыраларға жоламауға кеңес береді. Тек сыннан өткен сенімді әріптестеріңізге сенгеніңіз жөн.
Мансап және байлық
Көптен бері жұмыс орныңызды ауыстыру туралы ой мазалап жүрді ме? Биыл ойдан іске кірісетін кез келді. Тек есіңізде болсын, жаңа жұмыс орныңызда алдымен қолыңыздан іс келетінін дәлелдеуіңіз қажет. Көктем мансап жасаудың ең тамаша кезеңі. Ерінбей еңбек етсеңіз, қомақты қаражат күзден қалмай түсуі тиіс.
Денсаулық
Суқұйғыштарға биылғы жылы денсаулығына көбірек мән беру керек. Әсіресе омыртқасы сыр беріп жүргендер дәрігерге қаралғаны жөн. Сонымен қоса стоматологпен кездесуді ысыра бермеңіз. Денсаулығыңызға неғұрлым ертерек күтім жасасаңыз, күш-қуатыныңыз да, қаражатыңыз да ойдағыдай болады. Күзге қарай өзіңізге толыққанды демалыс ұйымдастырыңыз.
Отбасы және махаббат
2018 жылы отбасылық қарым-қатынастарды алдыңғы орынға қоясыз. Алаңдауға себеп жоқ, биылғы жылы күткеніңіз іске асады. Жақындарыңыздың арасында беделді, отбасыңызда татулық пен береке күтеді. Ал басы бос суқұйғыштар жылдың алғашқы жартысында тек өзімен айналысып, өз мансабына ғана көңіл бөледі. Ал тағдыр қосқан жан қоңыр күзде кездеседі. Егер жүрегіңіз қаласа, қорықпай неке сақинасы туралы ойлай беруіңізге болады.
(19.02 - 20.03)
Былтыр Тауық жылы сізді ерекше қолдап, қорғап еді. Биыл сол жетістіктерді қайталау үшін біраз еңбектенуіңізге тура келеді. Сары ит адалдықты, қайсарлықты жақсы көреді. Ал арамдар пен қорқақтарға жаны қас.
Көктем өміріңізді романтикаға толтырады, адамдарға қандай қарым-қатынас жасасаңыз, ол еселеп өзіңізге қайтады. Жазда тұрмыстық проблемаларыңызды шешкеніңіз жөн. Тағдырға сенетін болсаңыз, жақындарыңыз ғана емес, бейтаныстардан да көмегіңізді аямаңыз. Сіз қол ұшын созған бейтаныс адам сіздің өміріңізді өзгертуі мүмкін. Жалпы, сары ит жылы берекелі жылдардың бірі болмақ. Кездейсоқ таныстықтар ұзақ жылдық достықтың бастауы болатынын ұмытпағайсыз.
Мансап және байлық
Астрологтар биыл сізге ұсыныстар көптеп жасалатынын айтады. Алайда дұрыс шешім қабылдау өз қолыңызда. Өзіңіз сүйген жұмысқа ауысудың реті келеді. Тек мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.
Сіздің жинаған қомақты қаражатыңыз көктемде жұмсалып кетуі мүмкін. Бірақ білімге жұмсалған инвестицияның қайтымы көп болатынын ұмытпаңыз.
Өз құныңызды өзгелерге айтатын кез келді. Жалақыңызды, лауазымыңызды көтеру талабын қоюдан тартынбаңыз.
Денсаулық
Ұзақ уақыттан бері демалмай келесіз. Эмоционалды шаршау, ұйқысыздық, әдетке айналған асығыстық сіздің жүйке жүйеңізді тоздырды. Аздап физикалық және психикалық тыныштық болмаса, күрделі дерттерге әкеліп соғуы мүмкін.
Тамыр аурулары бар балықтар дәрігерге қаралғаныңыз жөн. Биыл тамырға тағы да ауыртпалық түсуі мүмкін.
Отбасы және махаббат
Табиғатынан балықтар адалдыққа бейім емес. Қолдан келсе мүмкіндікті қалт жібермейтін балықтардың биылғы жылғы тәбеті жаман емес. Жыл махаббаттың шытырман оқиғаларына толы болады. Тіпті отбасылы балықтардың өмірі тыныш болмайды дейді астрологтар. Бұрынғы махаббатыңызбен қауышудың мүмкіндігі туындайды. Таңдау жасар кезінде есіңізде болсын – барлығы өз қолыңызда!