200-ден астам қазақстандық кәсіпкер Германияның кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті

2 Қараша 2023, 21:24 1426

Берлин қаласында ҚР ҰЭМ мен Германияның Федералдық экономика және климатты қорғау министрлігі өкілдерінің кездесуі өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар басқарушы кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламасын іске асыру барысын талқылады. Ол мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес шаралары шеңберінде «Іскерлік байланыстар» жобасына енгізілген және отандық кәсіпкерлердің неміс компанияларында тағылымдамадан өтуін көздейді. Германия шығындардың негізгі бөлігін жабады.

Тағылымдама барысында қатысушылар нақты мәселелерді зерделеуге, атап айтқанда, технологиялар трансферті, жабдықтар сатып алу, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өзара жеткізу, франшизалар сатып алу, бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша жеке іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік алады.

ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және қорғау департаментінің директоры Нұрбол Жаңабеков өз сөзінде аталған бағдарламаның тиімділігін айтты.

2016-2022 жылдар аралығында «Іскерлік байланыстар» жобасы бойынша 206 ШОБ (шағын және орта бизнес) субъектісі тағылымдамадан өтті.

18,6 млн еуро сомасына 31 келісімшартқа қол қойылды. 546,5 мың еуроға жабдық сатып алынған.

Берік Арманов
Бөлісу: