20.12.2022
10:07
2229
20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

20 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 20 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстан Республикасының басым бөлігінде жауын-шашын, көбінесе қар түрінде, көктайғақ, жаяу бұрқасын сақталады.

Тек республиканың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста – тұман.