20 өңірден келген үкіметтік емес ұйым мүшелері бас қосты

7 Қазан 2022, 17:31 1233

Іс-шара аясында ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойылды

Елордадағы Wyndham by Ramada қонақ үйінде «Саяси реформаларды жүзеге асырудағы азаматтық қоғам институттарының рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды El.kz Қазақстанның Азаматтық Альянсының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ҮЕҰ қызметі мәселелері бойынша барлық 20 өңірдің Азаматтық Альянсының көшбасшыларымен кездесті.

Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева атап өткендей, бүгінде Қазақстан алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтуді, азаматтық қоғам институттарын жүйелі түрде қайта жүктеуді талап етеді. Реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді неғұрлым кең тарту қажет.

"Мемлекет басшысы ашқан және қоғам қолдаған ел тарихының жаңа беті-жаңа Қазақстан, Екінші Республика-жаңартылған Азаматтық қоғамды да талап етеді. Басқарушылық шешімдер қабылдауға әркімнің барынша тартылуын қамтамасыз ету қажет, қазақстандықтар ел үшін өз жауапкершілік дәрежесін түсінуі тиіс. Бірақ бұл азаматтардың білім және мәдени деңгейін арттыруды талап етеді", - деп атап өтті Альянс президенті

Іс-шара аясында ынтымақтастық туралы бірнеше меморандумға қол қойылды:

- Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Әзімова Эльвира Әбілхасымқызы;

- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары, Малахов Дмитрий Михайлович;

- "Парламентаризм Институтының" директоры, Махамбетов Мансұрхан Махамбетұлы;

- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма төрағасы-ректоры, Сыдықов Ерлан Батташевич;

- "Қазақстан Халқына" ҚҚ басқарма төрағасы, ЖӘМІШЕВ Болат Бидахметұлы;

- "Yevniy Consulting Group" ЖШС басқарушы серіктесі, Евниев Арман Қайратұлы және "Ұлттық жобалар мен жүйелі реформаларды іске асыру бойынша Мемлекеттік органдардың қызметіне ҮЕҰ қоғамдық мониторинг жүргізу" тақырыбындағы баяндамасы.

- Жобаның негізін қалаушы және жетекшісі "AKIMY.KZ", Алдашев Әнуар Ерболатұлы, қосымшаның тұсаукесері. Оқу практикумы.

Бұдан әрі "Экономикалық зерттеу институты" АҚ, Қасенова Азиза Қайырханқызы алғыс хатпен марапатталды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «Үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға арналған республикалық азаматтық орталық» гранттық жобасы шеңберінде өтті.

 


Бөлісу: