20 ақпанға арналған ауа райы болжамы

20 Ақпан 2023, 09:24 1090

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамы бойынша республикамыздың басым бөлігінде қар жауып, боран борайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

20 ақпанда скандинавиялық циклонның жүруіне және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің көп бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болады: қар жауып, ақтүтек боран болады, батыс өңірлерде және оңтүстікте қар аралас жаңбыр жауады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында ғана жауын-шашын болмайды. Қазақстанның басым аумағында көктайғақ, тұман, қатты жел болады деп күтіледі. 

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі.  Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауып, боран болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады.  Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Көкшетау қаласында жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік таңертең және түстен кейін соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Атырау қаласында тұман, көктайғақ болуы ықтимал. 

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде қарлы боран болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-шығысында тұман болады. Облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында тұман болады деп болжанады. Ақтауда тұман түседі. 

EL.KZ
Бөлісу: