02.11.2022
07:46
2264
2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

2 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде атомосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы күн райы сақталады. Онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

El.kz бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Республика бойынша – тұман, екпінді жел, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте – көктайғақ, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын болжанады. 

Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр күтіледі.