2 млн астам қазақстандықтың жеке мәліметтері тарап кетті

6 Наурыз, 17:25 2221

Мұны ҚР Мемлекеттік техникалық қызметі 5 наурыз күні анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Олардың барлығы zaimer микроқаржылық ұйымының клиенттері екен.

Robo finance платформасында микроқаржылық ұйымдардың 36 миллионнан астам клиентінің мәліметтері анықталған. Олардың ішінде Ресейден – 23,6 млн; Филиппиннен – 5 млн; Вьетнамнан – 2 млн.

Цифрландыру министрлігі жеке басының мәліметтері желіге тараған қазақстандықтардың барлығына хабарлама жібереді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: