2 градусқа дейін үсік жүреді

20 Мамыр, 12:35 1542

Еліміздің көп бөлігінде жаңбырлы ауа райы кезеңі жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжауынша, найзағай ойнап, бұршақ аралас жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Тек батыс аймақтардағы кейбір күндерде жоғары қысымның әсерінен жаңбыр тоқтайды. Түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік болжанады.

Ал оңтүстік-батыс ағындары мамыр айындағы климат аясында температураның күндізгі жылынуына әкеледі: батыс, оңтүстік аймақтарда 18-28 градус, ал солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда 15-23 градусқа дейін жоғарылайды.

23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде 7-15 градус жылынады.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: