15.02.2024
10:20
2551
2 балл: Алматыда тағы да жер сілкінді

2 балл: Алматыда тағы да жер сілкінді

15 ақпанда сағат 09:52-де Алматыда жер сілкінісі тіркелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Алматыда 2 балл жер сілкінісі сезілген. 

Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабырлы болуға және дүрбелеңге түспеуге кеңес береді.