1 тамызға арналған ауа райы болжамы

1 Тамыз 2022, 09:00 1077

Қазақстан бойынша найзағай ойнайды, жел күшейеді

Синоптиктер 1 тамыз, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Оңтүстік циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар әлі де Қазақстан аумағының басым бөлігіне өз әсерін тигізеді. Салдарынан жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде нөсер жауын жауады. 

Қазақстан бойынша найзағай ойнайды, жел күшейеді. Бұршақ жауып, дауыл тұрады. Түнде және таңертең республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында тұман түседі. Күндіз Павлодар облысының шығысында, Ақмола облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. 

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде аптап ыстық сақталады. Түркістан, Қызылорда, Жетісу, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Абай, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу: