1 млн теңгесін таксиде ұмытып кеткен

17 Маусым 2022, 16:25 1395

Түркістан қаласына қыдырып келген қызылордалық қонақ 1 млн теңге салынған сөмкесін таксиде ұмытып кеткен, – деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Тек көліктің маркасы мен түсін ғана білетін ол ақшасының табылатындығына үміттенбеген. Сонда да жақын маңдағы полиция пунктіне барып көмек сұраған.

Түркістан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері Жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары арқылы бірнеше сағат ішінде арызданушының сөмкесі қалып кеткен көлікті тапқан. Жоғалған сөмке мен ішіндегі ақша иесіне қайтарылған. Ақшасының табылатындығынан үмітін үзген қызылорда тұрғыны түркістандық тәртіп сақшыларына алғысын білдірді.

 


Бөлісу: