19 шілдеде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

18 Шілде 2022, 20:27 1879

Көрсетілімдерді youtube және facebook-тегі сілтемелерден көруге болады

El.kz порталы  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап 19 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де Қазақстан Халық партиясы кеңсесінде жекеменшік балабақшаларды лицензиялау мен ваучерлік қаржыландыру мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де «Avenue» бизнес орталығында кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінің ақылы автотұрақтардың санын көбейту туралы кезекті отырысы өтеді.

12.00-де Қазақстан халық партиясы кеңсесінде ақбөкенді ату мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы барысы» туралы баспасөз мәслихатын өткізеді.

Көрсетілім сілтемелері: youtube және facebook.

19.00-де Жас көрермендер музыкалық театрында «Үнсіздік» қойылымының премьерасы өтеді.

Бөлісу: