14.12.2022
18:15
1614

19 желтоқсанда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 19 желтоқсанда сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын», - деп жазылған өкім мәтінінде.