"180 мыңға тауар сатып алу": Тағы бір қаржы пирамидасының қылмысы әшкере болды

5 Сәуір 2023, 15:34 820

«HAS Holding» қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА Павлодар облысы бойынша департаменті анықтады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі Қаржы мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарды инвестицияланған соманың 70 % дейін пассивті ай сайынғы табысқа уәде беріп, ақшаларын түрлі инвестициялық жобаларға салуға шақырды.

Бұл қаржы пирамидасы өзін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде көрсетті.

Салымшылармен «Upgrade-AS», «Holding AS», «XAS-Logistic», «light-AS» және басқа да компаниялардың атынан келісім-шарттар жасалды. Салымшылар үшін міндетті шарттардың бірі 180 000 теңгеге Қытайдан әкелінді делінетін тұрмыстық тауарларды сатып алу болды. Пирамиданың тұрақты жұмысының көрінісін жасау үшін алынған ақшаның бір бөлігі салымшыларға сыйақы төлеуге бағытталды. Алайда ұйымдастырушылар салымшыларды алған сыйақысын қайта пирамидаға қайта салуға шақырды. Ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде жалған акцияларды ұйымдастырып, Астана мен Қосшыда көпқабатты үйлер салғанын көрсетіп, құрылыс декорациясы жасалып, арнайы техника жалдады. Алынған ақшаға ұйымдастырушылар бірқатар жылжымалы және жылжымайтын мүлік (жер телімдері, пәтерлер, автокөліктер) өздері мен жақын туыстарының атына рәсімдеген, - делінген ақпаратта.

Аталған қылмысты жасады деген күдікпен қаржы пирамидасын ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты соттың санкциясымен «қамау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазір салымшылар арасында жалған ақпарат таралуда. Осыған байланысты тек ресми ақпаратқа сенуіңізді сұраймыз.

EL.KZ
Бөлісу: