02.04.2024
14:47
2525
18 жыл: Шымкентте есірткі бизнесімен айналысқан бүтін бір отбасы сотталды

18 жыл: Шымкентте есірткі бизнесімен айналысқан бүтін бір отбасы сотталды

Шымкенттік отбасы есірткіге тапсырысты интернет арқылы қабылдаған. Сатып алушыларға дозалық есірткі орамаларын дайындап, қала аумағында жасырын орындарға қалдырып жүрген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері отбасының 3 мүшесі мен олардың 2 серіктесін анықтады.
 
Тұрғылықты жерлерін тексеру кезінде есірткі заттары және оларды өлшеп-орауға арналған жабдықтар табылып, тәркіленді.
 
Тергеу барысында полицейлер барлық дәлелдемелерді жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады.
 
Отбасының 22 жастағы ұлы, яғни қылмысты ұйымдастырушы сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылды, қалған 4 кінәлі тұлғаның әрқайсысы 16 жылға сотталды.