18 жастағы студент ауылда мал бағып жүріп 500 мың теңге табады

31 Шілде 2023, 16:40 2156

Фотограф Ернар Алмабек еліміздің солтүстігін аралап жүріп, мал бағып жүрген 18 жастағы жігітпен танысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айдос есімді бозбала өзінің студент екенін, жаздыгүні ауылға келіп мал бағып ақша жинайтынын айтты. Жас жігіттің сөзіне қарағанда, ауылдарда мал бағатын адам жоқ, жастардың бәрі қалаға кетеді, ал мал басына 2 мың теңге төлейді екен.

Бір басына айына 2 мың теңгеден төлейді, мына жерде 250-дей бас бар. Жақсы ақша шығады, – деді ол.

Ол Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы университетте тау-кен ісі мамандығы бойынша білім алады екен.

Мамандығым өзіме ұнайды, болашағы бар мамандық қой, – дейді Айдос.

Жас жігіттің еңбекқорлығына риза болған оқырман оны шетелдік кинолардағы актерлерге теңеген.

«Енді еңбек етіп, ақша табуға анау жоқ, мынау жоқ деп үнемі сылтау айтатындар, бұл жігітке не дейсіздер? Жарайсың», «Шетелдік кинолардағы мотоциклмен жүретін саяхатшылар сияқты. Жарайсың, бауырым», «Еңбекқор жігіт екен. Болашақта жақсы қыз кездесіп, керемет отбасының мықты отағасы бол. Қазір еңбекқорлық – ең бірінші қажет қасиет. Білім де, бақыт та тек адал еңбектің арқасында басыңа қонады», - деген оқырмандар.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Yernar Almabek (@yernar.almabek)

Мадина Асылбекова
Бөлісу: