«18-ге толғанда баланы үйден қуып жібереді». Ләйлә Сұлтанқызы бала тәрбиесі туралы ой қозғады

27 Тамыз, 21:39 20635

Қазақстандық танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы бала тәрбиесіне қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында ана мен бала арасындағы сепарация туралы айтты. Сөзінше, балалары өзінің рұқсатынсыз бөлмесіне де кірмейді екен.

Менің жатын бөлмеме рұқсатсыз кірмеңдер деп ұрысамын. Психологияда сепарация деп баланың ата-анасынан бөлініп, бірте-бірте тәуелсіз тұлғаға айналуын атайды. Дер кезінде түсіну, бөліну, жіберу, босату болмаған соң біз көп жағдайда өмірімізді оларсыз елестете алмаймыз. Қаншалықты дұрыс немесе бұрыс?

Шетелде 18-ге толғанда баланы үйден қуып жібереді екен (өз күнін өзі көрсін, жеке тұлға деп) дегенді естігенмін. «Бұл қалай?» деп ойланып қалдыңыз ба? Балаларымыз:

Өз өмірі, оны өздігінше қабылдайтынын;

Қарсылық білдірсе, оны қалыпты жағдай екенін;

Біз әперген киімді кимейтінін, біз айтқанды жемейтінін, біз қалаған шаш үлгісін таңдамайтынын;

«Өзім білем» деген сөз білмесе де айтыла салатын сөз екенін;

Анашым бос емеспін, сосын хабарласамын дейтінін;

Бізді асырауға міндетті емес екенін... жалғастыра беруге болады. Біз, ата-аналар, қабылдап, ойлап, уайымдап, 18-ге келгенде өз еркіне босата аламыз ба (іштей)? Босата алмасақ, оны мойындап, босатудың жолдарын кімнен сұрап, қайдан білеміз? - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Перизат Саденова
Бөлісу: