18.02.2023
09:15
1343
18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18 ақпанға арналған ауа райы болжамы

18 ақпанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Соған байланысты қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын жауып, көктайғақ күтіледі.

Сондай-ақ ел бойынша екпінді жел, тұман болжанады.

Алматы облысының таулы жерлерінде және Жетісу облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты қар жауады.