18-20 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамы

18 Сәуір, 06:35 583

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18-20 сәуір аралығына арналған күш күндік ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республика аумағының көп бөлігі кең антициклонның ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашын тоқтап, күндізгі ауа температурасы жоғарылайды.

Тек қиыр солтүстікте, шығыс аймақтарда және оңтүстік-шығыс тауларында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, жаңбыр немесе қар жауады. 

Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, күндізгі уақытта найзағай жарқылдайды.

Республика бойынша жел күшейеді.

Термометр бағаны түнде температураның ауытқуын көрсетеді.

Күндіз батыста, оңтүстікте температура 25-30 градус жылыға дейін, еліміздің солтүстігінде 20-25 градус жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 23-29 градус жылыға дейін айтарлықтай көтеріледі.

Перизат Саденова
Бөлісу: