172 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды

29 Тамыз 2023, 20:48 929

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, республикалық комиссия шешімімен 172 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды.

Олардың ішінде 138 стипендиат магистратурада, 8 адам докторантурада білім алады. Сондай-ақ 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Стипендиаттардың 60 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытында, ал қалған 40 пайызы қоғамдық-гуманитарлық сала бойынша білім алады, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.

Перизат Саденова
Бөлісу: