16.07.2023
08:21
1318
17 шілдеде «Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

17 шілдеде «Болашақ» бағдарламасына өтініш қабылдау басталады

«Болашақ» бағдарламасы аясында құжаттарды қабылдаудың төртінші легі 2023 жылғы 17 шілдеден 15 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер мемлекеттік қызметтер порталы – eGov.kz арқылы онлайн түрде қабылданады.

Биыл «Болашақ» стипендиясы үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейтілді. Енді үміткерлер шет тілін меңгергенін растауы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Ағылшын тілінде оқуға түсушілер төмендегі нәтижелер бойынша IELTS сертификатын ұсынуы керек:

  • квоталық санат бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.
  • Өз бетінше түскендер санаты бойынша (магистратура, докторантура) 9.0-ден кемінде 6.0.
  • тағылымдама санаты бойынша 9.0-ден кемінде 5.0.

Жалпы алғанда, биыл магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінді.