17 ақпанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

17 Ақпан 2023, 05:40 955

Оған күн райының бұзылуы себеп болған.

17 ақпанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының орталығында, облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде өңірдің орталығында, күндіз оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді деп болжанды.

Ұлытау облысының солтүстігінде тұман болжанады. Түнде өңірдің батысында, күндіз басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с құрайды.

Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз солтүстік-шығыста екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында көктайғақ, тұман күтіледі. Жел батыстан соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с құрайды.

Қарағанды облысының солтүстігінде тұман болжанады. Күндіз өңірдің батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с құрауы мүмкін. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен солтүстігінде көктайғақ болады. Өңірдің батысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 23 м/с жетуі ықтимал.

Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың батысында, оңтүстігі мен солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің шығысында тұман болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с құрайды.

EL.KZ
Бөлісу: