Жоғары аудиторлық палата елдегі зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік қолдау жүйелерінің жұмысын тексеріп, бірқатар тұжырым жасады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Тексеру нәтижесі жыл сайын жәрдемақы мен зейнетақы алатын азаматтардың саны да, оларға бөлінетін қаражат көлемі де өсіп келе жатқанын көрсеткен. Соңғы бес жылда:
Сонымен бірге аудит әлеуметтік салада жетілдіруді талап ететін маңызды мәселелер бар екенін көрсетті:
• Қазақстанның басқа елдермен зейнетақы алушылар туралы деректер алмасу тетіктерін күшейту қажет. Бұл бір адамға екі елден төлем түсуінің алдын алады.
• Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың тұрақты зейнетақы жарналарының жоқтығы олардың болашақ төлемдерінің жеткілікті болуына кедергі келтіріп отыр.
• Әлеуметтік сақтандыру қоры активтерін басқару тиімділігін арттыру үшін кейбір тәжірибелер мен тәсілдерді қайта қарау қажет.
Аудиторлар тағы бір өзекті мәселені атап өтті. Жүктілік пен босану бойынша төлемді арттыру мақсатында кірісті немесе жұмыс орындарының санын қолдан көбейту.
Тексеру барысында бірқатар адамның бір уақытта үштен онға дейінгі ұйымнан аударым алып жүргені, ал 169 адамның тіпті 16 және одан да көп компанияда “жұмыс істеп тұрғаны” анықталған. Бұл олқылықтарды жою үшін нормативтік құжаттарды жаңарту қажет екені айтылды.
Сонымен қатар Әлеуметтік сақтандыру қоры активтерін сенімгерлік басқарудан артық шығару жағдайлары тіркелген. Нәтижесінде 216 млрд теңгеден астам қаражат тиімді пайдаланылмаған. Төлемдердің шекті мөлшерін реттейтін норманың болмауы және кірістер органдарымен ақпарат алмасудың жеткіліксіздігі шамамен 96 млрд теңгенің жоғалуына әкелген.
Жалпы аудит нәтижесінде:
• 5 млн теңге көлемінде қаржылық бұзушылық анықталды;
• 216,2 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғаны расталды;
• 46 жүйелі проблема тіркелді;
• 22 материал әкімшілік жауапкершілікке жіберілді;
• 2 дерек бойынша құжаттар құқық қорғау органдарына жолданды.