16 мамырға арналған валюта бағамы

16 Мамыр 2023, 12:15 1200

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445- 450 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 445 – 449 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 447,5 – 450,5 теңге аралығында құбылып тұр.

15 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,28 теңгеге қымбаттап, 450,53 теңге болған.

Ұлттық банктің 16 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 450, 48 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,69 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,6 – 5,8 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,57 - 5,67 теңгеден сатылуда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: