16 қазан күні Қазақстанның 5 облысында тұман түсіп, күшті жел тұрады, деп хабарлайды EL.KZ «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Күндіз Абай облысының батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Таң ата және күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында тұман түседі.
Оралда түнде және таң ата тұман түседі.
Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандарына таң ата және күндіз оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таң ата тұман түседі.