16-18 тамызға арналған ауа райы болжамы

15 Тамыз 2022, 19:55 896

Кей өңірлерде түнгі және таңертеңгі сағаттарда 2 градусқа дейін үсік болады

«Қазгидромет» синоптиктері 16-18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz

«Қазақстан аумағының басым бөлігі Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан аптаның басында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, аптаның ортасы 18 тамызда температуралық фон біртіндеп төмендейді. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік болады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай, екпінді жел күтіледі», делінген хабарламада.






Бөлісу: