15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

26 Ақпан, 11:49 808

Павлодар облысында 15 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 2009 жылы Павлодар полициясына жұбайының жоғалып кеткені туралы ер адам жүгінген. Оның айтуынша, ол досына кетіп, қайтып оралмаған.

Жоғалған адамды іздестіру басталды, Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлері бағдарланды, ол жақта жоғалған адам жайлы хабар тараған. Бір жылдан кейін көлден әйелдің мәйіті табылды.

Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады, тергеу барысында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, бірақ қылмысты ашу мүмкін болмады.

Биыл жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түсті. Ер адам жанжалдасқанда оны тұншықтырып өлтіргені анықталды, содан кейін ол денесін суға батырды.

Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Оны Астанада ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: