«15 сантиметрге жеткен». Түркістандық дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан құрт алды

20 Мамыр, 16:32 6105

Түркістан қаласында облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері 7 жасар баланың бауыр тұсынан бір уыс құртты алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

10 мамырда дәрігерлер науқас оқушыны рентгенге түсіріп, компьютерлік томографиялық, ультрадыбыстық зерттеуден өткізіп, толық тексеру жасаған. Ақ халаттылар операция алдында екі күн науқасты дайындап, бақылап отырған.

Аурухананың білікті хирургы, бас дәрігердің орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы 7 жасар балаға күрделі отаны сәтті жасады.

Операция кезінде бауыр тұсынан  15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шықты, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған otyrar.kz.

Бала 18 мамырда ауруханадан шығарылды. Қазір оның жағдайы жақсы.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: