Әнші Төреғали Төреәлінің блогер қарындасы Фариза Төреәлі желіде қымбат сөмкесін көрсетіп, көптің талқысына түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Блогер су жаңа сөмкесін қораптан ашып, бұл сәттің видеосын өз парақшасында жариялады.
Өзіңді қуантудың маңызын бөлек түсініп жүрмін. Раббымыз бізге "өзімізді өзімізге аманат" етіп бергенін ұмытпай, ерекше қамқорлықта болсақ екен. Алғашқы "Биркин", мен ұнататын ақшыл түсте. Толығырақ сториста айтармын. Жұғысты болсын қыздар. Сіздер бар жақсыға лайықсыздар",-деп жазды ол.
Бұл сөмкені көрген оқырмандар жұғысты болсын деп жарыса жазып, қылу талқыға салды.
"Фариза да бұл сөмке қалай ғана жоқ деп жүрген едім","Сөмкеден үй соғатын болдыңыз ғой. Сіздің сөмкелеріңізден жақында бір бөлме керек болады-ау", "Ойбай, ішім күйіп бара жатқаны. Жұғысты болсын, қыздар", "Осы сөмкеге қызығатындарды түсінбеймін. Еш қызықпаймын", "Біз бұны ұстап көрген былай тұрсын, атын да білмейді екенбіз", "Қандай әдемі, өзің сияқты нәзік. Жақсылығыңда ұста, жұғысты болсын", "15 млн-ның сөмкесі" деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram