Бурабай тұрғындарының 15 млн теңгесін жымқырған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті жеті тұрғын арызбен жүгінген. Зардап шегушілердің сөзінше, 2023 жылдың сәуір-қазан аралығында бейтаныс әйел олардың 15 млн теңгеден астам ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.
Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Макинск қаласының 51 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, - деді ведомстводан.
Анықталғандай, алаяқ әйел банк алдында қаржылық қиындықтарға тап болған зардап шегушілерге несие алуға көмектесіп, оның тең жартысын өзі алып отырған. Артынша сол алған несиенің жартысын банкке өтемей кеткен.