15 мамырда елімізде үсік жүреді

15 Мамыр, 04:20 432

«Қазгидромет» РМК сноптиктері 15 мамырда еліміздің 15 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке, солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Ұржар ауданында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шымкентте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15- 20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігіенде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік күтіледі. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың шығысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысының солтүстік жартысында кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, дауыл. Түнде және таңертең облыстың орталығында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. 

Қызылорда облысының шығысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, Қазалы ауданында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының шығыс жартысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні 15-20 м/с.

Зарина Арман
Бөлісу: