14.12.2022
08:42
2113
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

14 желтоқсан күні ел аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен жаяу бұрқасынмен қар, оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстікте, оңтүстікте тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.