14.11.2023
06:22
1024
14 қарашаға арналған ауа райы болжамы

14 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет мәліметінше, 14 қарашада еліміздің басым бөлігіне антициклон әсер етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфера фронттарының әсерінен республиканың батысында, солтүстік-батысында жаңбыр, солтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанды.

Қазақстанның оңтүстік-батысында тұман, жел күшейеді және шаңды дауыл болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0,-2°C, күндіз +5+7°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан екпіні 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -1-3°C, күндіз +8+10°C.

Шымкентте аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел екпіні 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +16+18°С.