14 маусымға арналған ауа райы болжамы

14 Маусым, 08:39 517

"Қазгидромет" синоптиктері 14 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Ел аумағы арқылы атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  бүгін де құбылмалы ауа райы сақталады. 

Қазақстанның шығыс және орталық бөлігінде бұршақ пен нөсер жаңбыр жауады. Республиканың солтүстік-батыс және оңтүстік аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ел аумағы бойынша жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, түнгі уақытта қиыр солтүстікте тұман түседі деп күтілуде. 

Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан Маңғыстау және Қостанай облыстарында күн ыстық болады.

Ұлытау, Жамбыл облысында, Алматы облысының солтүстік жартысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысында, Ақтөбе облысының орталығында, Маңғыстау облысының жағалауында, батысында, Жетісу облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, батысында, Қарағанды облысының орталығында, оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстанның батысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, батысында, Жамбылдың шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Перизат Саденова
Бөлісу: