14.10.2022
08:19
1525
14 қазанға арналған ауа райы болжамы

14 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 14 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды EL.KZ.

Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болады, сонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында Қара теңізі аумағынан келетін циклонның әсерінен жаңбыр жауады.Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді, батысында – тұман.