13.06.2022
09:07
1990
13 маусымға арналған ауа райы болжамы

13 маусымға арналған ауа райы болжамы

Сонымен бірге бұршақ жауып, дауыл тұрады, еліміздің солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпін 25 метрге жетеді.

Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, түнде облыстың таулы аймақтарында, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, күндіз таулы аудандарда екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының батысында, шығысында, найзағай, бұршақ дауыл күтіледі, күндіз облыстың басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының түнде шығысында, орталығында, күндіз оңтүстігінде найзағай ойнап, түнде облыстың орталығында тұман түседі.

Күндіз Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, облыстың солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұрады, желдің күші 15-20 м/с-ке жетеді.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.