13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

13 Желтоқсан 2022, 09:09 1039

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті

13 желтоқсан Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсерін тигізеді, соған байланысты жауын-шашынсыз күн райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республиканың тек солтүстігі мен шығысында әлі де атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен қар, жаяу бұрқасын сақталады. Еліміздің батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейіп, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі.

EL.KZ
Бөлісу: