13.07.2025
10:29
1081
13 шілде – Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні

13 шілде – Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні

Жыл сайын 13 шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні аталып өтеді. Бұл — егемендігімізді, тұрақтылықты және ұлттық мүддені қорғап жүрген жандардың кәсіби мерекесі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазіргі жаһандық геосаяси сын-қатерлер жағдайында ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің мінсіз жұмысы, жоғары жауапкершілігі мен кез келген жағдайға жедел әрекет етуге дайын болуы – қазақстандықтардың ертеңгі күнге деген сенімінің кепілі.