11.01.2023
16:15
1474
13 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

13 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс Төрағасы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 13 қаңтарда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген хабарламада.