13 қаңтарда елдің солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады

13 Қаңтар 2023, 07:08 1743

Бұған арктикалық антициклон әсер етеді

13 қаңтарда елдің солтүстігі мен шығысында жел соғып, боран соғады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Елдің басым бөлігінде арктикалық антициклонның әсері сақталады.

Шығыста, солтүстік пен орталық өңірлерде атмосфералық фронталды бөлімнің өтуі себепті қар жауып, жел соғып, боран күшейеді. Оңтүстік-шығыс аймақта тұман түседі деп болжанып отыр.

Түнде солтүстікте, Алматы, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы аудандарында -30-35 градусқа жететін күшті аяз сақталады.

Бұған дейін  бірнеше өңірде ескерту жарияланған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: