12 жасар қыз Есіл өзеніне батып кетті

15 Маусым 2022, 16:58 1307

Кеше сағат 19:39-да Аршалы ауданы, Жібек Жолы ауылының Silk Way демалыс аймағында қайғылы оқиға болды. 2010 жылы туған қыз ата-анасының қарауынсыз қалып, суға шомылуға жабдықталмаған жерде батып кетті, деп хабарлайды El.kz Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жіберілді. Қыздың денесі сағат 20:58-де табылып, шығарылды, - делінген хабарламада. 

21 мамырда демалыс аймағының су қоймасына тексеру жүргізіліп, шомылуға жарамсыздығы туралы акт берілген.  

28 мамырда бөлім қызметкерлерімен Silk Way демалыс аймағында құтқару бекетінің су айдынындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптарын түсіндіру және демалыс аймағын жабдықтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Суға шомылуға және балаларды су айдынында қараусыз қалдыруға тыйым салу туралы ақпараттық стенд орнатылды, - делінген ТЖД хабарламасында.

Бөлісу: